Әлем • 08 Желтоқсан, 2022

Мирзиёевтің Қырғызстанға мемлекеттік сапары кейінге шегерілді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Бішкекке мемлекеттік сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мирзиёевтің Қырғызстанға мемлекеттік сапары кейінге шегерілді

Бұл туралы «Кабар» агенттігі Қырғызстан сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап жазды. 

Ақпаратқа сәйкес, мұндай шешім Қырғызстан мен Өзбекстан басшыларының келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданған. 

«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕАЭО) қорытынды отырысына Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов барады», делінген хабарламада. 

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан президентінің сапары кейінге қалдырылғанын және 2022 жылдың соңына дейін баратынын атап өтті. 

Бұған дейін президент Шавкат Мирзиёевтің Қырғызстанға 9 желтоқсанда ЕАЭО мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін келетіні хабарланған болатын.