Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2022

Қараша қаздар қайтқанда

442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жазушы Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Қараша қаздар қайтқанда...» атты кездесу кеші өтті.

Қараша қаздар қайтқанда

Қадыр орталығының «Елеулі есімдер» атты дәстүрлі жоба­сы аясында өткен іс-шараға ха­лық көп жиналды. Кеш иесін ор­­талық директоры Бауыржан Ха­лиолла құттықтап, Батыс Қа­зақстан облыстық Мәде­ниет бас­қармасының және Қадыр орта­лығының атынан Алғысхаттар мен естелік сыйлық табыс етті.

Сахна төріне Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ақын Ақұштап Бақ­тыгерейқызы шығып, қаламдас інісі туралы тол­ғана сөз сөйледі. Қаламгерді жер­лестері – Ақжайық ауданы әкі­мінің орынбасары Бақберген Әбуов пен Теректі ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиевтер де құттықтады.

Осы кеште Бауыржан Фай­золла­­ұлының жаңа қыры – саз­герлік қабілеті де көп­ке та­­нылған сәт бол­ды. Әндерді Қа­­зақ­стан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожа­қов, ха­лық­аралық, республикалық кон­курс­тардың лауреаты Нұржан Тас­болатов пен Дархан Құлбабаев, «BatysStar» тобы керемет орындады.

Кеш барысында жазушы шы­ғар­­ма­шылығы жөнінде әсерлі әңгіме өрбіді. Әсіресе қаламгердің екі жыл бұрын баспадан шыққан «Биленбеген вальс» кітабы ха­қында оқырман қауым, жастар бірнеше сұрақ қойды. Автор олардың бә­ріне ыждағатпен жауап беріп, шығар­машылық шеберханасы туралы ой бөлісті.

Бауыржан Ғұбайдуллиннің ұлы Алпамыс Файзолла да әке ізін жалғаған жас ақын, аудар­­машы. Кеш барысында Ал­­па­мыс Астана қаласынан Қадыр­сарайдың көрер­мен залына онлайн қосылып, әкеге арнаған өле­ңін оқып берді.

 

Батыс Қазақстан облысы