Ақиқатын айтқанда, Әсия Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің базасында бірінші күні өткен ҰБТ нәтижесінде 124 балл алғаны белгілі болып, жауабы дұрыс емес деп есептелінген жалғыз сұрақты аппеляцияға берген. Кеше комиссия түлектің абсолюттік білім нәтижесін көрсеткенін дәйектеп беріп, республика бойынша екінші жоғары балл жинаған оның есімі нақтыланды.
Алматыдағы №159 гимназия басқа да жетістіктерімен мақтанып жүрген білім ордасы. Республикалық байқауларда, ғылыми жобалардың жарыстарында, түрлі мәдени шараларда алдыңғы қатардан табылып жүрген қаладағы маңдайалды білім мекемелерінің бірі.
Бұл білім ұясынан биыл 52 түлек ҰБТ-ға қатысып, олардың ҰБТ қорытындысы бойынша орта балы 109,7 болды.
– Егер мектептен 13 оқушы «Алтын белгіден» үміткер болса, соның 13-і де «Алтын белгісін» ақтады. Бір ғана мұғаліміміз Гүлназ Тұңғышбаеваның сыныбынан 10 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл – өте үлкен табыс. Қол жеткен жетістік бір күннің еңбегі емес. Ол – ұстаз, шәкірт, ата-ана ынтымақтастығының нәтижесі, – дейді №159 Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.
Мұғалімдер Әсия Жандосқызы Мараттың алдын ала тапсырылған тесттердің бәрінде ең төмені 123 балл, бес рет қатарынан 125 балл жинағанын және оның бірінші сыныптан бастап тек қана бес деген бағаға оқып келе жатқанын, өте тиянақты да ұқыпты екендігін айтады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретте: Әсия Марат гимназия директоры, Қазақстанның еңбек ері Аягүл Миразовамен бірге.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10