Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

«Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, орталығына ауқымды антициклонның ықпалы сақталады, онымен жауын-шашынсыз ауа райы жалғасады», делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте төмен қарлы боран, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман түседі.