28 Мамыр, 2010

БҰҚАРА АРАСЫНДАҒЫ БЕДЕЛДІ ҚҰРЫЛЫМ

608 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“Астана қаласы мен Ақмола облысы білім және ғылым қызмет­кер­лері кәсіподағы” қоғамдық бір­лестігінің Есіл аудандық филиалы өңірдегі өнегелі істердің ұйытқысы ретінде зор беделге ие. Оны 2008 жылғы құрылтай конференциясы бірауыздан сайлаған ұлағатты ұстаз Жанат Көккөзова басқарады. Кәсіподақ кеңесі жалпы білім бе­ре­тін 30 мектептің, жастар шығар­ма­шы­лық үйінің, балалар музыка мек­тебінің, “Гүлдер” балабақшасының, кәсіби мектеп пен балалар үйінің ұжы­мын біріктіреді. Білім мекеме­лерінде 1193 адам қызмет атқарса, соның 1174-і кәсіподақ мүшесі екендігі бедел белесінің биіктегенін білдіреді. Аудандық кеңес пен кәсіподақ комитеттерінде жұмыс берушілермен екіжақты келісім мен ұжымдық шарт жасалған. Мұнда қызметкерлердің әлеуметтік сұраныстарына, еңбек қа­тынастарына, кәсіподақ мүшелерінің демалысы мен сауықтырылуына, олар­ды марапаттау мен қосымша еңбек демалысын белгілеу, тағы басқа мәселелерге айрықша көңіл бөлінеді. Қабылданған шешімнің орындалуы бақылаудан түскен емес. Сондай-ақ, кәсіподақ отырыстарының хат­та­масымен танысқан кісі еңбекақының уақытында төленуі, еңбекке уақытша жарамсыздық қағаздарын жүргізу, зейнетақы қорларына жарна қара­жатын аудару, кәсіподақ мүшелерінің өтініш-тілектерін қарау да басты бағыт саналатынын аңғарады. Осы­ның арқасында соңғы бес жылда әдістемелік бірлестіктер жетек­ші­ле­ріне 15 пайыздық, ауыл мүғалімдеріне 25 пайыздық үстеме төленіп келеді. Жыл сайын “Жыл мұғалімі”, “Үздік сынып жетекшісі”, “Жас ұстаз”, “Үздік кәсіподақ ұйымы” сияқты бай­қау­лар өткізудің өнегелі қырлары көп. Жас мамандар мен ауылға ат­танған мұғалімдерге жеңілдіктер қарастыру да күн тәртібінен түскен емес. Соның бір айғағы ретінде кәсіподақ бірлестігінің ұсынысымен сегіз мұғалімнің Есіл қаласында жаңадан салынған үйден пәтер алуын айтар едік. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.