Спорт • 13 Желтоқсан, 2022

Бұйырғаны – күміс медаль

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өтті. Қазақстан құрама командасы бұған дейін сәтсіз өнер көрсетіп келген еді.

Бұйырғаны – күміс медаль

Кеше қоржынымызға алғашқы жүлде түсті. 500 метр қашықтықта Денис Никиша күміс медальді жеңіп алды. Жерлесіміздің көрсеткіші – 40,998. Ол тек Оңтүстік Кореяның өкілі Сун Ким Тайдан (40,898) ғана қалып қойды. Қола медальді де дәл сол мемлекеттің өкілі Сунгва Янг (41,392) иеленді. Ал бұған дейінгі бәсекелерде жерлестеріміз бірде-бір рет жеңіс тұғырына көтеріле алмаған еді.

Алдағы күндері Алматыда тағы бір әлем кубогінің кезеңдік жарысы ұйымдас­тырылады. Бұл бәсекелер 16-18 желтоқсан аралығында өтеді. Аталған жарыста Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанысов, Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева және Алена Волковицкая сынды шорт-трекшілер ел намысын қорғайды.