Оқиға • 13 Желтоқсан, 2022

Талдықорғанда ер адам көлікте өз-өзіне қол жұмсаған

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Талдықорғанда көліктен мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам атыс қаруын пайдаланып өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда ер адам көлікте өз-өзіне қол жұмсаған

«13 желтоқсанда Талдықорған қаласының «Көктем» шағын ауданында, өзінің «Toyota HILUX PICK-UP» автокөлігінің ішінде 47-жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Болжам бойынша ер адам атыс қаруын қолданып өзіне қол жұмсаған», деді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінен.

Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, барлық мән-жай анықталады.

Айта кетейік, күзде Талдықорғанда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған еді.