Спорт • 13 Желтоқсан, 2022

Теннистен Қазақстанның үздік бапкерлері анықталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның биылғы ең  үздік бапкерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннистен Қазақстанның үздік бапкерлері анықталды

10 және одан кішілер санаты бойынша үздік бапкер – Андрей Ван (Smash теннис орталығы, Өскемен).

12 және одан кішілер санаты бойынша – Амал Сұлтанбеков (Gorky Tennis Park, Алматы).

14 және одан кішілер санаты бойынша – Мұхамадамин Ерматов (Beeline Arena, Астана).

18 және одан кішілер санаты бойынша – «Қазақмыс» теннис клубы (Алматы).

Вячеслав Соколовский («Эйс» теннис орталығы, Алматы) мен Өткір Абдуллаев («Эйс», Ақтөбе) 2022 жылдың үздік аға бапкері атанды.

Сондай-ақ Team Kazakhstan академиясының бапкері Сергей Квак алғысхатпен және ескерткіш сыйлықпен марапатталды. Оның басшылығымен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының үздік төрттігіне кірді.

Арбадағы паралимпиалық теннистен Жасұлан Алниязов жыл бапкері болса, осы спорт түрінің дамуына үлес қосқан Ержан Исақов пен Набижон Якобович ұмыт қалмады.