Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2022

Жел, тұман, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республика аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жел, тұман, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы

«Тек елдің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен бұрқасынмен бірге қар, оңтүстік-батыста қар аралас жауын-шашын жауады.

Республикада жел күшейеді, солтүстікте және оңтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста – көктайғақ болады деп күтілуде», деді синоптиктер.