Парламент • 14 Желтоқсан, 2022

Сенаторлар «Астана – жаңа қала» аймағының қызметімен танысты

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары 194 кәсіпорны бар «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты. АЭА-дағы кәсіпорындар машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп және басқа салаларда да тауарлар шығарумен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар «Астана – жаңа қала» аймағының қызметімен танысты

Сенаторлар сапар барысында электровоздар, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жабдықтарын құрастыру, медициналық мақсаттағы бұйымдар, парфюмериялық және косметикалық өнімдер шығаратын зауыттардың қызметімен танысты.

Депутаттар бірқатар кәсіпорындардың қызметкерлерімен өндірістегі қалыптасқан проблемалық мәселелер мен оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ одан әрі даму келешегін де талқылады.

«Арнайы экономикалық аймақтар үшін қажетті инфрақұрылымды жасау проблемалары, басым қызмет түрлерін кеңейту рәсімдерінің күрделілігі, жаңа өткізу нарығы мен қажетті шикізат мәселесі өткір күйінде қалып отыр», деді Дәурен Әділбеков.

Комитет депутаттары барлық көтерілген мәселелерді заңнамалық қызмет аясында назарға алады.

Республика бойынша 1,2 триллион теңгені құрайтын 300-ден астам жоба жүзеге асып жатқан 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Онда 22,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғаннын атап өткен жөн.