Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Шығыс Қазақстан облысы аумағында ауа райы күрт нашарлап, боран, қатты жел және қалың қар жауды. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы», «Өскемен - Семей» және «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері» трассаларында қозғалыс 4 рет шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

Түнде сағат 03.30 - 04.00 шамасында «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері» республикалық маңызы бар автожолының 62-63 шақырымдарында қар көшкіні өздігінен түсті. Осыған байланысты, Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Жолшылар дереу қар тазалау жұмыстарына кірісті. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары әлі де жалғасуда. Жұмыстар тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Мәселен, қазір ШҚО аумағында 90 бірлік арнайы техника мен 130 жолшы маман еңбектенуде.

Сонымен қатар жолшылар қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, күнделікті патрульдеу аясында жолшылар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 54 шақырымында бұзылып, жолда қалып қойған жеңіл көлікті тапты. Жолшылар бұл көлікті Северное ауылында орналасқан жылы боксқа сүйреп апарып, көлік жүргізушісіне көлікті жөндеуге көмектесті.