
Тасжолда КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», деп жазылған хабарламада.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.