06 Маусым, 2014

Меже және мүмкіндік

466 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
25-3Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсаты асқақтау болып көрінуі Өткен ғасырдың екінші жар­ты­сын­да экономиканың шарықтап даму жолына түскен Сингапур, Оңтүстік Ко­рея және Норвегия елдері осындай тама­ша стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыр­ды. Сондықтан олардың даму жолындағы тәжірибесі бүгінде Қазақ­стан­ның қы­зығушылығын тудырып отыр. Син­гапурдың Экономикалық даму жөніндегі кеңесі стра­тегиялық бағдарламаны нә­ти­желі жүзеге асырудың ар­қасында, өз елін Оңтүстік-Шы­ғыс Азияның қаржы және сауда орталығына айналдырды. Сөйтіп, экономикасының өр­леуіне, халқының әл-ау­қа­тының тез жақсаруына қол жеткізді. Нәтижесінде Сингапур мемлекеті «Шығыс Азия жолбарыстарының» бірі деген мәртебеге ие болды.мүмкін. Әйткенмен, ол мақсат біздің елдің жағдайында қол жеткізуге әбден болатын іс. Оны жүзеге асыру үшін нақты стратегиялық бағдарлама қа­жет. Ондай бағдарлама Қа­зақстанда бар. Ерболат ДосаевГеографиялық қолайлы орналасуының арқасында, сон­дай-ақ үкіметі әлемдік дең­гейде бәсекеге қабілетті салаларда қатаң мемлекеттік жоспарлар жасап, оның ішінде, ауыр өнеркәсіпті дамытуға басымдық берген Оңтүстік Кореяның экономикасы өте жылдам дамыды. Өткен ға­сырдың 60-70-жылдары жо­ғары технологиялық өнім өндірісін құру мақсатында индустриялық бесжылдықтарға бөлінген ұзақ мерзімді стра­тегиялық бағдарлама арқы­лы үлкен жетістікке жетті. Соның арқасында 1990-жылдардың өзінде ең жаңа технологияларды, мик­ро­­электрониканы, био­тех­нологияны және оптиканы дамыту бойынша әлемдегі көшбасшы 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алды. Ал Норвегияда мұнай саласын барынша жетік дамыту жолға қойылды. Арнайы мұнай кластерлері құрылып, әлемдегі жетекші компаниялармен серіктестікті ілгерілетті. Зама­науи технологияларды тез трансферттеп, оған қо­са норвегиялық тауар өнді­рушілер мен жергілікті қыз­мет көрсетушілерді қолдау арқылы экономиканы жылдам өсірудің жолын тапты. Осынау тәжірибелерге зер сала отырып, әр елдің өзіне тән даму жолы болғанын аңғарамыз. Соған сай, әрқайсысының да стратегиялық даму бағдарламасы жергілікті игіліктер мен мүмкіндіктерге орай жасалғанын көреміз. Бірақ, бір нәрсе айқын. Олар­дың бәрі де экономиканы шарықтатып дамытуға ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізді. Қазақстанда да халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Мысалы, 2030 жыл­ға қарай 50 көшбасшы мемле­кеттің қатарына қосылу мақ­са­тына алдын ала қол жет­кізілді. Ол Мемлекет бас­шысы ел алдына қойған бас­ты міндеттің бірі болатын. Атап айтқанда, өткен жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік индексі рей­тингінде және Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтингінде 50-орынды иелендік. Тағы бір қуанарлық жағдай, осы тұрғыда Қазақстан кейбір көрсеткіштер бойынша әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына да кіріп үлгерген. Бұл сөзімізді нақты дәйектермен шегелеп жіберейік. Еліміз мемлекеттік борыш бойынша былтыр ДЭФ ЖБИ рейтингінде 14-орынға табан тіреді. Бұл шетелдік инвесторларға жақсы белгі болып табылады. Тағы бір мысал, балаларды орта біліммен қамту бойынша 29-орыннан бой көрсеттік. Ел дамуындағы мол табыс тіптен де кездейсоқ оқиға емес. Бұл жетістікке қол жеткізу үшін стратегиялық үлкен бағдарламалар іске қосылып, жемісті жүзеге асырылды. Ұлттық ерекшеліктерімізге басымдық беріліп, қажырлы еңбек тынымсыз жүргізілді. Нәтижесінде осындай биік бел-белеске көтерілдік. Қазіргі елдік мақсат – әлемдегі ең дамыған 30 мем­лекеттің қатарынан тұрақты орын алу. Оған Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Жолдауын іс­ке асыру арқылы қол жеткіземіз. Бүгінде әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша тұжырымдама әзірленіп, бекі­тілді. Онда 5 бірдей стратегиялық басымдық анық көрініс тапқан. Бірінші, адам капиталын дамыту, екінші, институттық ортаны жетілдіру, үшінші ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамы­ту, төртінші ғылымды қажет­сінетін экономиканың инфра­құрылымын жетілдіріп, қалып­тастыру болса, бесінші, әлемдік және өңірлік интеграциялауды тереңдету арқылы 2050 жылға қарай қойылған мақсатқа қол жеткізіледі. Сөйтіп, әлеу­мет­тік-экономикалық және институттық ортаның негізі қаланады. Әлемдік тәжірибелерді сараптап қарасақ, ел да­муы­ның табыстылығы эко­номикалық өрлеумен ғана шектелмейді. Тұрақты дамуды толық қамтамасыз ету үшін, адами даму мен өмір сүру ортасының толық қауіпсіздігі де өте маңызды. Оған қоса, мемлекеттік бас­қарудың тиімді жолдарын табу шарасы да қалыпты өрлеудің басты кепілдерінің бірі екені айқындалып отыр. Аталған тұжырымдамада әр қойылған мақсатқа қол жеткізуді бағалайтын негізгі индикаторлар анықталған. Осы орында бір мысал келтіре кетсек. Тұжырымдаманың экономикалық даму сала­сында елдегі ішкі жалпы өнімді халықтың жан басына шаққанда 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін арттыру көзделген. Бұл мақсаттың орындалуы үшін Қазақстан ішкі жалпы өнімді 2050 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 4,3 пайызға өсіріп отыруы керек. Жалпы, еліміз еңбек өнім­ділігін 5 есеге арттыруы қажет. Сөйтіп, эконо­ми­ка­мыздың мұнай бағасының ауытқуына тәуел­ділігін төмендету ләзім. Оған қоса макроэкономикалық тұрақтылығын қамта­масыз ету үшін, ішкі жалпы өнімдегі мұнайдан өзге экспорттың үлесін 32 пайыздан 70 пайыз­ға ұлғайтуға мүмкіндік тудыр­ғанымыз жөн болады. Бұлармен бірге, инновациялар саласында белсенділікті көтеріп, ғылы­ми-зерттеу жұмыстарын демеуді еселеп арттырсақ ұтылмаймыз. Нақты есептерге жүгінсек, экономикасын жан-жақты дамытуда ғылымды қажетіне жаратып отырған елдердің деңгейіне көтерілу үшін ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге арналған ішкі шығындарды 15 есеге асырып, бүгінгі ішкі жалпы өнімнің үлесін 0,2 пайыздан 3 пайызға дейін ұлғайту қажет. Экономиканы негізгі қоз­ғау­шы күш шағын және орта бизнес екені мәлім. Бұйыртса, 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің  ішкі жалпы өнімдегі үлесін 50 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін қолайлы жағдай жасалып, инфрақұрылымды жаңартып, адам капиталын жетілдіріп, бизнесті дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс. Мұнымен бірге, Қазақстан экономикасы инвесторлар үшін өте тартымды болғаны жөн. Негізгі капиталға тартыла­тын инвестициялардың іш­кі жалпы өнімдегі үлесі 30 пайызды құраса дұрыс бол­мақшы. Инвестициялардың көптігі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жинақтың жақсы болуына ықпал етеді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі азаматтардың тұр­мыс-тіршілігін айтарлықтай жақсартады. Осының нәти­жесінде елдегі азаматтардың өмір сүру жасы 69-дан 84 жасқа дейін ұзарады деп күтілуде. Адам капиталы экономиканы дамытуда негізгі қозғалтқыш күш болып табылатындықтан, халықтың жоғары табиғи өсімін қамтамасыз ететін саламатты демографиялық шара қолға алынады. Себебі, бұл игі шара Қазақстанның бәсекелестіктегі артықшылықтарының бірі деп білеміз. Бұлармен бірге, еліміз ғылыми шығармашылық әлеуетті және кәсіби еңбек ресурстарын тиімді пайда­ланатын болады. Қазақстан әлемдегі ең да­мыған 30 елдің қатарына кіру үшін үлкен секіріс жасауы керек екені аян. Оған халқымыздың қабілет-қарымы мен қажыр-қайраты толық жетеді. Алдымен білім мен инновацияларды барынша дамытуға жол ашып, көрсетілетін қызметтердің үлесін арттырып, сапасын жақсарту керек. Десек де, бірін­ші орынға мықты денсау­лық сақтау жүйесі мен сапалы білім беруге негізделген өмір сүру қалпын барынша жақсартуды шығарып, түрлі институттардың тиімділігін анықтап, ақпараттық технологияларды мейлінше меңгерген абзал. Еліміздің алға қойған бас­ты мақсатына еркін жетуіне халықаралық сарапшылардың да дәйекті сөздері дәлел бола алады. Экономикамыздың ағым­дағы даму арнасына зер салсақ, биік мақсат орын­далары хақ. Мемлекет оны тиімді жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Әйткенмен, бұл ұлы мақсат жалпыға ортақ идеяға айналуы шарт. Сонда ғана оның мол жемісіне кене­летін боламыз.
Соңғы жаңалықтар