Оқиға • 15 Желтоқсан, 2022

Канадада ұшақ апатқа ұшырады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Ньюфаундленд провинциясында шағын азаматтық ұшақ апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадада ұшақ апатқа ұшырады

Мәліметтерге сәйкес, оқиға Канада қарулы күштерінің әскери базасы маңында болған. Шағын ұшақ Happy Valley Goose Bay әуежайынан 5 шақырым жерде орман белдеуіне құлады.

Зардап шеккендерге әскерилер көмектескен. Апаттан аман қалған ұшқыш пен жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.