Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2022

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына тікелей рейспен ұша алады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейшель аралдарының ұлттық әуе компаниясы «Air Seychelles» Қазақстанға рейс ашады, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Сейшель аралдарына тікелей рейспен ұша алады

Бұрын хабарлағандай, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 41-сессиясы аясында қазақстандық делегация Сейшель аралдарының авиациялық билік органдарымен келіссөздер жүргізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Осы жұмыстардың нәтижесінде Air Seychelles 26 желтоқсаннан бастап Алматы – Махе бағыты бойынша (Абу-Дабиге техникалық қонумен) аптасына 2 рейс жиілігімен бейсенбі және жексенбі күндері A 320 Neo әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.

Air Seychelles — штаб-пәтері Сейшель аралдарының халықаралық әуежайында (Махе) орналасқан Сейшель аралдарының авиакомпаниясы. Әуе компаниясы 1977 жылы ішкі рейстер үшін құрылған. Air Seychelles 1983 жылдан бері халықаралық рейстерді орындайды. Әуе компаниясының паркі 7 A 320 Neo, DHC-6 ұшағынан тұрады. Air Seychelles әуе компаниясы Тель-Авивке (Израиль), Йоханнесбургке (Оңтүстік Африка), Plain Magnien (Маврики), Мале (Мальдив аралдары) және Бомбейге бағытталған (Үндістан) рейстерді орындайды.