Елорда • 15 Желтоқсан, 2022

Астананың жаңа ауданына қандай атау беріледі

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы қалалық мәслихаттың тыңдауларында Астананың жаңа ауданы атауының нұсқалары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астананың жаңа ауданына қандай атау беріледі

Елордалық Тілдерді және мұрағаттарды дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссияның отырысында елорданың жаңа ауданына атау берудің екі нұсқасы таңдалды. Олар Нұра және Қараөткел.

«Біз сарапшылармен бірнеше рет кездесулер өткізіп, бірқатар нұсқаны талқылап, ономастикалық комиссияның отырысына екі нұсқаны ұсындық. Бірінші нұсқа - Нұра, бұл Ақмола және Қарағанды ​​облыстарындағы өзен. Екінші нұсқа - Қараөткел. Біз жаңа атаудың оңай айтылу мен жағымды қабылдануына назар аудардық. Бірақ қазақ грамматикасы бойынша қатар тұрған екі дауысты дыбыс сөздің айтылуын қиындатады. Сондықтан Нұра нұсқасын ұсынып отырмыз», деді Сәкен Есіркеп.

Өз кезегінде елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов жаңа аудан әкімдігінің аппаратын құруға 390 млн теңге қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағы Есіл ауданына қарайтынын атап өтті.