«Осы жылдың 13 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 1988 жылы туған өзін «Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде көрсете отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген «Ж» азаматын әшкереледі», деп хабарлады ANTIKOR-дың баспасөз қызметінен.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.