Руханият • 16 Желтоқсан, 2022

Елордада «Желтоқсан желі ызғарлы» көрмесі ашылды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында «Желтоқсан желі ызғарлы» атты экспозициясының ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Желтоқсан желі ызғарлы» көрмесі ашылды

Көрменің ашылу салтанатына Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысты. 

Іс-шара барысында Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі мен Орталық әскери оркестрі әртістерінің орындауында әскери-патриоттық тақырыптағы музыкалық композициялар мен әндер шырқалды. 

Көрмеге Тәуелсіздік тарихы мен Қазақстанның дербес даму жолындағы жетістіктеріне арналған мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер және басқа да экспонаттар қойылған. 

Көрме дүйсенбіден басқа күндері күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.