Жайық – Каспий бассейні су айдындарында Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары, Ішкі істер, Көлік және коммуникация министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы шеңберінде «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аяқталды.
«Бекіре-2014» акциясының екі ай жүргізілген жұмысы нәтижесінде 1120 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, заңсыз аулағаны үшін 987 бұзушылық, кемелердің жүзу режімін бұзғаны үшін 17 айғақ және балық ресурстарын заңсыз тасымалдағаны үшін 67 және заңсыз балық өткізгені үшін 20 факт анықталды.
Әкімшілік жауапкершілікке 899 адам тартылды оның ішінде 120 адам соттық тәртіппен жіберілді.
Акцияның өткізілуі барысында 140 қылмыстық іс қозғалып оның ішінде 51 іс сот органдарына жолданды, қараудың нәтижесінде 39 адам сот және басқа да түрлі жауапкершілікке тартылды.
Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 5,8 млн. теңге сомасына айыппұл салынды, балық қорына келтірілген залал мөлшері 6,8 млн. теңгені құрайды.
Құқық бұзушылардан 27 тонна балық, оның ішінде бекіре балық түрлерінің бір тонна салмақты, 17,8 қара уылдырық, 1200 бірлік аулау құралы және 176 жүзу құралдары тәркіленді.
Ағымдағы жылы «Бекіре-2014» балық қорғау акциясы қарқынды түрде өткізілді, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
«Егемен-ақпарат».