06 Маусым, 2014

Сот жүйесіндегі соны жаңалық

259 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше еліміздің Жоғарғы Сотында сот жүйесінің ашықтығы мен қол-жетімділігін қамтамасыз ететін, әрі бюджет қаражатын үнемдеуге әсерін тигізетін халыққа қызмет көрсететін жаңа электронды ақпараттық қызмет­тің тұсаукесері болды. Онда сот про­цесіне қатысу үшін электронды қызметтің бірқатар артықшылықтары таныстырылды. Соның ішінде «Сот құжаттарымен танысу», «Соттық каби­нет» және аудио-бейне тіркеу түрі сот процесіне қатысушылардың барлығы үшін де қолайлы болмақ көрінеді. Аталған қызмет түрі ЖСН, пароль және логин енгізу арқылы элект­ронды сот құжаттарын қарауға арнал­ған. Ал логин мен пароль туралы сот процесіне қатысушы өзінің элект­ронды мекенжайына немесе ұялы теле­фонына SMS хабарлама жіберілуі арқылы электронды түрде ақ­парат алады. Мәселен, сотқа әдейі ха­бар­ласқан адам, өзінің ұялы телефонына немесе электронды мекенжайына элект­рон­ды хабарламаларды жіберуге келісімін және арызын бергендігі мен тіркелгендігі туралы талон алады. Бұл жерде сот про­цесінің екінші тарабы да сот тал­қы­лауына дәл осындай талон алуына мүм­кіндігі бар. Сөйтіп, жоғарыда аталған «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық қызметі арқасында азаматтар үйлерінен шықпай-ақ, Интернетті пайдалану ар­қылы қажетті сот құжаттарымен таныса алады. Сол сияқты www.sud.gov.kz ресми сайтында сот органдары қызметі мен онлайн қызметіне қолжетімді «бір терезе» – «Соттық кабинет» электронды жобасы ашылмақ. Аталған «Соттық кабинет» электронды өзара әрекет арқы­лы сот өндірісін жеңілдетуге және сот жүйесінің ашықтығы мен қол­же­­­тім­­ділігін, жеделдігін арттыруға бағытталған. Бұл арада айтылған Соттық кабинеттің басымдылығы: арыз бен ұсыныстарды, шағымдарды дайындау мен берудің электронды түрі; Интернет жүйесі арқылы қолжетімділік; мемлекеттік өтемдерді онлайн арқылы төлеу; ақпараттық қолдау; мәліметтер мен қосылудың қауіпсіздігі болып табылады. Бұдан басқа сот талқылауының сапа­лы өтуі ерекше ескеріліп отыр. Ол үшін электронды қаулыға түсіру мүм­кіндігін қарастыратын қазіргі таң­дағы технологиялар негізінде сот процестеріне аудио-бейне тіркеуді енгізу жолдары қамтамасыз етілуде. Ал бұл жүзеге ас­қан соң қатысушыларға сот про­цесі­не қатысуға жоғарыда аталған «Соттық кабинет» арқылы мүмкін бо­лады. Осылайша, сот процесіне қаты­сам деушілерге қашанда жасыл шам ашылмақ. Кейінірек, тіпті, осы айтылған аудио-бейне тіркеу аясында шетелдердің тәжі­ри­бесіне сүйене отырып, соттарды бей­неконференцбайланыс жүйесімен жаб­дықтау арқылы сот талқылауын қа­шықтықтан өткізу мүмкіндігін одан әрі дамытуға жол ашылады. Сөйтіп, осын­­­дай жүйені енгізу арқасында жа­за­ны орындау саласындағы орган­дар­ға ай­дауыл түрінен арылуға, ал сот­­­­та­лу­шы­ға қамалған жерінен тікелей бейне­конференцбайланыс жүйесі арқылы түсінік беруіне мүмкіндік туады дегіміз келеді. Мұндай жоба бүгінгі таңда өте қа­жет болып отыр. Себебі, аталған жаңа электрондық жобалардың іске қосылуы пошталық шығынға жұмсалатын бюд­жет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік бере­ді екен. Статистикалық деректерге сүйенсек, республика соттары 2012 жылы 580 105 талап-арыз, 2013 жылы 643 683 өтініш қабылдаса, 2014 жылдың өткен 5 айында 282 мыңнан астам арыз қабылдаған. Ал әрбір арыз бойынша жолданатын пошталық хабарландырулар көп қаржыны қажет ететін көрінеді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».