Оқиға • 17 Желтоқсан, 2022

Қостанай облысында қайғылы оқиға болды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында қайғылы оқиға болды

Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолдың 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Салдарынан жүргізуші тізгіндеген көлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Газель» автокөлігімен соқтығысты. Содан кейін екі көлік өртеніп кеткен.

Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «Газель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалады.