06 Маусым, 2014

Арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Дүниежүзілік қоршаған орта күні және эколог күніне орайластырылған салтанатты жиналыс өткізді. Жиналысқа министрліктің құрылымдық бө­лім­шелерінің, ведомствоға бағы­нысты және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиналыс барысында ми­нистр­ліктің экологиялық бақылау және реттеу комитетінің ұйым­дас­тыруымен республикалық дең­гейде өткізілген балалардың сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Н.Қаппаров Астана қала­сын­дағы №37 ор­та мектебінің оқу­шысы Мария Кар­бушеваны, Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ау­дандық ор­та мектептің оқушысы Ға­сыр Насекеновті, Павлодар облы­сындағы Мичурин балалар үйі­нің тәрбиеленушісі Алина Пи­ля­гинаны құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар, министр облыстық деңгейдегі байқау жеңімпаздарын – еліміздің барлық өңірлерінен келген балаларды марапаттады. Сондай-ақ, осы күні Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері ау­мақтарында Дүниежүзілік қор­ша­ған орта күніне орай халықаралық экологиялық сенбілік өткізілді. Қазақстанның барлық аймақ­тарында өтетін акция барысында қалалар мен қала маңы аумақтары, демалыс мекендері, саябақтар мен су айдындарының жағалаулары  тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылады. Қазақстан өңірлерінде сен­бі­лікке 130 мыңға жуық адам қатыс­ты. Олардың қата­рын­да орталық және жергілікті атқарушы орган­дардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорын­дар­дың өкілдері, сондай-ақ, ЖОО студенттері еңбек етті. Астанада экологиялық акцияға 600-ден астам адам қатысты. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, «Астана орманы» және «Полигон» ЖШС, сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен студенттер қалалық қалдықтар полигонына іргелес орман аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты. «Егемен-ақпарат».