Оқиға • 17 Желтоқсан, 2022

Ақтөбеде оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады

Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды.

Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан.

Салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.