06 Маусым, 2014

Шешімдер қабылданып, ұсынымдар берілді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Б.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста сот төрелігін жүзеге асыру процесіне кедергі жасаудың және судьяларға қысым жасаудың алдын алу тетігін жетілдіру, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар қарастырылды, судьялық басшы лауазымдарына кадр резервімен жұмыстың жай-күйі талқыланды, сондай-ақ, сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.