06 Маусым, 2014

Нақты тапсырмалар берілген басқосу

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары инс­титутын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Президент Әкімшілігі басшылығы және министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшылары қатысқан Ақордадағы кездесу барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын пайдалану, сондай-ақ, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді атқару саласындағы жұмы­сында кездесетін негізгі проблемалар талқыланды. Бұдан бөлек, орталық атқарушы орган­дардың ағымдағы жұмысының түрлі мәселелерін талқылау және шешу мақ­сатымен Президент Әкімшілігі Басшы­сының жауапты хатшылармен апта сайын­ғы кездесуін өткізу тәжірибесін енгізу жөнінде шешім қабылданды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппараттың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.