Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022

Михаил Козачковтың ісін Бас прокуратура қадағалайды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Козачковтың ісін Бас прокуратура қадағалайды

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс», деп жазды Р. Желдібай.

Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік шабуылдар жасауға көмектескен. Ұйымдасқан қылмыстық топ 11 қатысушыдан тұрды, олардың бесеуі қамауға алынды, алтауы, оның ішінде ұйымдастырушы Қоспаев Елдосқа іздеу жарияланды.