Бүгінгі таңда жер-жерде ауру түрлерінің 60-70%-ы жұқпалы аурулар болып отыр, яғни бұл жоғары деңгейді көрсетеді. Көптеген ұмыт болған жұқпалар қарқын алып барады. Вирустан прионға дейінгі микрофлоралардың жаңа түрлерінің ашылуы «жаңа жұқпалар» деген терминді тудырып отыр. Әлемде жыл сайын 5 жасқа дейінгі балалардың 10 миллионға жуығы қайтыс болады. Өлім-жітімнің 70%-ынан астамы – жіті респираторлы жұқпалар, іш өту, қызылша және т.б. сияқты алдын алуға болатын аурулар. Біздің ұжым балалардың жұқпалы ауруларын емдеуде және оның алдын алуда орасан еңбек атқарып, елеулі жетістікке жетіп отыр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, ішек жұқпалары мен сальмонеллез деңгейі төмендеді. Біраз жұқпалы ауруларды, оның ішінде, жіті ішек жұқпасы мен жіті респираторлы жұқпаларды диагностикалап, емдеуді жетілдіруге арналған бағдарлама белсенді жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда өлім-жітім едәуір төмендеді. Осындай жетістіктерге аурухана ұжымының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Денсаулық сақтау саласындағы көптеген қиындықтарға қарамастан медицина қызметкерлерінің әлеуеті әлі күнге жоғары.
Аурухана қызметкерлерінің ішінде «Денсаулық саласының үздігі», Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» төсбелгілерімен, медальдарымен марапатталғандар, Денсаулық сақтау министрлігі мен басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталғандар да бар. Сондай-ақ, медициналық қоғамдар ұйымдастыратын әртүрлі шығармашылық, кәсіби байқауларға қатысып, құрметті орындарға ие болып жүр. Стационарда жыл сайын Медицина қызметкерлері күнінің құрметіне «Ең мықты дәрігер», «Ең мықты медбике», «Ең мықты тазалықшы» байқаулары өткізіліп отырады. 2012 жылы реаниматолог-анестезиолог дәрігер Шынар Қаппасқызы Сәдуақасова «Жыл дәрігері» қалалық байқауының жеңімпазы атанды. 2013 жылы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің медбикесі Зәуре Раисова «Ең мықты медбике» қалалық байқауының жеңімпазы атанды.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында бала денсаулығын қорғау үшін күш-жігерін жұмсап жүрген мамандарды құттықтағымыз келеді. Олардың қатарында Т.Костровская, А.Шоқтыбаева, Ғ.Қияшева, С.Қырғызбекова, Б.Жармағамбетова, Ж.Бөкенова, К.Ярмамбетов, Г.Күзгібекова, А.Федюченко, Г.Нұртазина және басқа да көптеген қызметкерлер бар.
Жаратылыс зерттеушісі, педагог, хирург, анатом, анестезия мектебінің негізін қалаушы Н.Пироговтың «Өзгенің бақыты үшін бақытты болу – дәрігер мамандығын таңдаған әр адамның нағыз бақыты...» деген дана сөзіне қарап, шынында да бақыт дегеннің не екенін түсінгендей боласың. Денсаулық туралы ойламасаң, яғни денсаулығыңның болғаны. Денің сау болса, жігерің мықты болса, жаның тыныш болса, міне, нағыз бақыт деген осы! Ал, дәрігер қауымы әрбір адамның бақытты болуы үшін өз үлесін қоса береді.
Сәуле Кенжебаева,
Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары.
Астана.

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50