06 Маусым, 2014

Нағыз бақыт – деніңнің саулығы

405 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
медқызметкер Бүгінгі таңда жер-жерде ауру түрлерінің 60-70%-ы жұқпалы ­аурулар болып отыр, яғни бұл ­жо­ға­ры деңгейді көрсетеді. Көпте­ген ұмыт болған жұқпалар қар­қын алып барады. Вирустан прион­ға дейінгі микрофлоралардың жаңа түрлерінің ашылуы «жаңа жұқпалар» деген терминді тудырып отыр. Әлемде жыл сайын 5 жасқа дейінгі балалардың 10 миллионға жуығы қайтыс болады. Өлім-жітімнің 70%-ынан астамы – жіті респираторлы жұқпалар, іш өту, қызылша және т.б. сияқты алдын алуға болатын аурулар. Біздің ұжым балалардың жұқпалы ауруларын емдеуде және оның алдын алуда орасан еңбек атқарып, елеулі жетістікке жетіп отыр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, ішек жұқпалары мен сальмонеллез деңгейі төмендеді. Біраз жұқпалы ауруларды, оның ішінде, жіті ішек жұқпасы мен жіті респираторлы жұқпаларды диагностикалап, емдеуді жетілдіруге арналған бағдарлама белсенді жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда өлім-жітім едәуір төмендеді. Осындай жетістіктерге аурухана ұжымының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Денсаулық сақтау саласындағы көптеген қиындықтарға қарамастан медицина қызметкерлерінің әлеуеті әлі күнге жоғары. Аурухана қызметкерлерінің ішінде «Денсаулық саласының үздігі», Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» төсбелгілерімен, медальдарымен марапатталғандар, Денсаулық сақтау министрлігі мен басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталғандар да бар. Сондай-ақ, медициналық қоғамдар ұйымдастыратын әр­түр­лі шығармашылық, кәсі­­­­­би байқауларға қатысып, құр­мет­ті орындарға ие болып жүр. Стационарда жыл сайын Меди­цина қызметкерлері күнінің құрметіне «Ең мықты дәрігер», «Ең мықты медбике», «Ең мықты тазалықшы» байқаулары өткізіліп отырады. 2012 жылы реаниматолог-анестезиолог дәрігер Шынар Қаппасқызы Сәдуақасова «Жыл дәрігері» қалалық байқауының жеңімпазы атанды. 2013 жылы реа­нимация және қарқынды терапия бөлімшесінің медбикесі Зәуре Раисова «Ең мықты медбике» қалалық байқауының жеңімпазы атанды. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында бала денсау­­лы­ғын қорғау үшін күш-жіге­рін жұмсап жүрген маман­дар­ды құттықтағымыз келеді. Олардың қатарында Т.Костров­ская, А.Шоқтыбаева, Ғ.Қия­шева, С.Қырғызбекова, Б.Жарма­ғамбетова, Ж.Бөкенова, К.Ярмам­бетов, Г.Күзгібекова, А.Федю­ченко, Г.Нұртазина және басқа да көптеген қызметкерлер бар. Жаратылыс зерттеушісі, педагог, хирург, анатом, анестезия мектебінің негізін қалаушы Н.Пироговтың «Өзгенің бақыты үшін бақытты болу – дәрігер мамандығын таңдаған әр адамның нағыз бақыты...» деген дана сөзіне қарап, шынында да бақыт дегеннің не екенін түсінгендей боласың. Денсаулық туралы ойламасаң, яғни денсаулығыңның болғаны. Денің сау болса, жігерің мықты болса, жаның тыныш болса, міне, нағыз бақыт деген осы! Ал, дәрігер қауымы әрбір адамның бақытты болуы үшін өз үлесін қоса береді. Сәуле Кенжебаева, Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар аурухана­сы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары. Астана.