Оқиға • 20 Желтоқсан, 2022

Сағыныш сезімін тербеткен...

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығының көрме залында жас суретші Ардақ Құдайбергенованың « Көзімнің қарасы – Ұлы дала» атты көрмесі өтті. Аталған іс-шара Тәуелсіздік күніне арналды.

Сағыныш сезімін тербеткен...

Көрмеге суретшінің кейінгі жылдары салған бірқатар туындысы қойылды. Әсіресе оның шы­ғармаларында таби­ғаттың ға­жайып сұлулығы шынайы­лығы­мен айшықты бейнеленген. Оны жас шебердің нәзік сезіммен өрнектеген картиналарынан анық байқайсыз.

«Бала күнімнен бейнелеу өнеріне ынтық болып, өзім қы­зығып көретін мультфильм кейіп­керлерін салғанды жақсы көрдім. Есейе келе табиғат көріністерін ақ параққа түсіре бастадым. Негізі, менің балалық шағым ауылда өтті. Ата-әжемнің қолында өстім. Қазір сол ауыл, ата-әжемнің бейнесі, балалық шақ көріністері көз алдымнан кетер емес. Сол сағынышымды сурет арқылы жеткізгім келді. Сондықтан көр­мемді «Көзімнің қарасы – Ұлы дала» деп атадым», деді жас су­ретші.

Ардақ Құдайбергенова – кейінгі жас буын суретшілер ара­сынан өз қолтаңбасымен таныл­ған талант иесі. Бірқатар халық­аралық және республикалық бай­­қаудың лауреаты. Соның ішінде «Golden time talent» көр­кемсурет байқауы мен «Dali»S Mustache» фестивалінің жүл­дегері атанған.