Руханият • 19 Желтоқсан, 2022

Алпыс отбасы баспаналы болды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Төлеби ауда­нының құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығы Ленгір қаласында 3 көп­қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында са­лынған үйден пәтер кезегінде тұрған 60 от­басыға бас­пана кілттері табыс етілді.

Алпыс отбасы баспаналы болды

Баспана әлеуметтік осал топтар сана­тын­­дағы отбасылар мен ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға берілді. Жаңа қоныс иелерін құттықтауға келген Түркістан облы­сы­ның әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік жылдары бір ғана Төлеби ауданында мемлекет есебінен 30-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1 500 отбасы қоныс тойын тойлағанын атап өтті. Сондай-ақ ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай аудан орталығында Төлеби бабаның еңселі ескерткіші ашылды. «Төлеби баба» саябағында орналасқан биіктігі 23 метр болатын мыс ескерткіш кәсіпкер Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен жасалған. Мүсін салмағы – 25 тонна. Мерекелік жиында Төлеби ауданының тарихы дәріптеліп, тарихи тұлға туралы деректер айтылды. Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтетін Төлеби ауданы тарихи мұраларымызға өте бай. Түркістан облысындағы ең биік нүкте – Сайрам шыңы осы ауданда орналасқан. Өлкеде 100-ден аса археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштердің орны белгіленген. Ауданнан табылған мәдени ошақтар ашық аспан астындағы мұражайға айналып отыр.

 

Түркістан облысы