08 Маусым, 2014

Қала күні қарсаңында «Тәуекел толқынында» спорттық сауығы өтеді

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
загруженное Қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болған «Тәуекел толқынында» спорттық сауығы Қала күні аясында дәстүрлі  өткізіліп келеді. «Тәуекел толқынында» спорттық сауығы Қазақстанның қалалары мен Астананың әрі таяу және алыс шетел жастар субмәдениетінің үздік өкілдерінің басын қосады. Фестивальға әлемдік және отандық хип-хоп мәдениеті мен спортының жұлдыздары, спорттың түрлі тәуекел түрлерінен жеңімпаздар шақырылған. Биылғы шараға кез-келген қала тұрғындары мен қонақтары ат салыса алады. Мыңдаған адам паркур, стрит воркаут, стрит бол, вмх және роллер қозалысы сынды жастар ағымдарының әлемдік деңгейдегі сайыстары мен өнерлерін тамашалай алады.  Сонымен бірге астана тұрғындары мен қонақтары  астаналық граффити шеберлерінің үздік жұмыстарымен және басқа да озық әуестіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Спорттың тәуекелді түрлері Азия ойындары бағдарламасына енгендіктен қарқынды дами түсуде. Көше мәдениетіне арналған алғашқы шара 2009 жылы Астана күнін мерекелеу кезінде өткізілді және астананың белсенді жастары арасында үлкен қолдау тапты. Данияр Алан.