АСТАНА. 6 маусым. Мемлекетіміз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзінің ең басты стратегиялық жоспарларын орындайды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев осындай пікірде. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте депутат еуразиялық интеграцияның үш басты қағидасын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев: «Еуразиялық интеграция Қазақстан тәуелсіздігін сақтап, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана дамиды. Бұл – интеграцияның басты қағидасы. Екінші маңызды қағида – экономикалық прагматизм. Елдер нақты экономикалық мүддеге сай ықпалдасады. Бұл ешқандай да астарлы саяси мүдде емес, тек қана экономикалық қарым-қатынас. Соңғы қағида – мемлекеттер арасындағы теңдік және тең құқылық», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: nurotan.kz.
• 06 Маусым, 2014
Еліміз өзiнiң ең басты стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзедi

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше