«Атлантикалық циклонның терең ойпаты мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде аздаған қарлы боранмен қар жауады. Түнде шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ашық ауа райы сақталады. Республиканың барлық аумағында тұман күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, шығыс жартысында желдің күшеюі күтіледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -19-21, күндіз -17-19.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз -2-4.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында қар жауады. Батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз -1+1.