Оқиға • 22 Желтоқсан, 2022

Қарағандының бір бөлігі жылусыз қалды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда бірқатар көпқабатты үй жылу берудің төменгі режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандының бір бөлігі жылусыз қалды

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 5:30 шамасында Гоголь көшесі мен Спасское тас жолының қиылысында болған. Қала әкімдігі мәліметінше, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тік П-тәрізді компенсатормен соқтығысып, оны зақымдаған. Апат салдарынан қаланың орталық бөлігіндегі үйлер жылу берудің төмен режиміне көшірілген.

«Оқиға орнына жедел жеткен «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бригадасы құбырдағы диаметрі 1000 миллиметр ақауды анықтады. Ақауды жою үшін тұтынушылар төмендетілген режимге көшіріледі», деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.