Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2022

Қазақстан Өзбекстанда минералды тыңайтқыштар кәсіпорнын ашады

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің бірлескен бірқатар жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Өзбекстанда минералды тыңайтқыштар кәсіпорнын ашады

Соның бірі – Өзбекстанның Науаи облысында фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын.

«Қазфосфат» ЖШС және «Узкимёсаноат» АҚ қатысуымен жүзеге асырылатын өндірістің жобалық құны 1,3 миллиард долларды құрады.

Жобаның 2022-2024 жылдарға жоспарланған бірінші кезеңінде «Навоийазот» базасында калий селитрасы (100 мың тонна) мен калий сульфаты (100 мың тонна) өндірісін жолға қою жоспарланып отыр.

Аталған жоба аясында 150 жұмыс орны ашылады. Ал өндірістің екінші және үшінші кезеңдері Алмалық және Ферғана қалаларында жалғасады.