Спорт • 23 Желтоқсан, 2022

Роман Савченко «Номад» хоккей клубынан кетті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаушы Роман Савченко «Номад» хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Савченко «Номад» хоккей клубынан кетті

«Қорғаушымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Ағымдағы маусымда Романның есебінде Қазақстан чемпионатында 26 матч және нәтижелілігі үшін 9 (3+6) балл бар. «Барыс» Савченкоға біздің клубта өткізген уақыты үшін алғыс білдіреді және спортшыға алдағы мансабында да табыс тілейді», делінген хабарламада.

«Номад» «Барыс» клубының жүйесіне кіреді.