07 Маусым, 2014

Айтыс өтеді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Абылай ханның бас батырларының бірі – Ер Жәнібек Бердәулетұлының туғанына 300 жыл толды. Осыған орай Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында аламан айтыс өтеді. Оған Қытай Халық Республикасынан Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделханқызы, Моңғолиядан Сәтжан Тілашқанұлы, сондай-ақ, айтулы айтыскерлеріміз Әсем Ережеқызы (Астана), Қарлығаш Әубәкірова (Семей), Айбек Қалиев (Арқалық), Иранғайып Күзембаев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Жақсылық Орынбасаров (Астана), Ринат Зайытов (Алматы), Ержеңіс Әбдиев (Қызылорда), Бауыржан Халиолла (Орал), Мақсат Ақанов (Қарағанды) қатысады. Бас жүлде – темір тұлпар. Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман басқарады. Қазылар алқасының төрағасы, профессор Тұрсынбек Кәкішев. Өтетін күні – 17 маусым. Басталуы – 17.00. сағ. Айтысқа асығыңыздар.