07 Маусым, 2014

ҰБТ: төртінші күн

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕНТ 3Биылғы жылдың 5 маусымында өткен тест тапсыруға 9 346 түлек қатысты. Бұл жолғы сынақ додасы 32 пункт базасында тапсырылды. Тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тест тапсырушылардан 2 938 ұялы телефон, 2 574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка, 1 қол сканер алынып, сынақ тапсыру орнына жіберілмеді. Төртінші күннің қорытындысы бойынша, түлектердің ешқайсысы ең жоғары 125 балды жинай алған жоқ. Бұл күнгі сынақта 1 404 оқушының (15%) 100-ден астам балл жинағаны анықталды. 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 389 (13,4%) түлек қол жеткізген болатын. Төртінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 78,2-ні құ­рады, өткен 2013 жылғы көрсеткіш 74,7 балл болған еді. Ең төменгі көрсеткіш – 50 балды 1 888 (20,2%) түлек жинай алмады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 3 074 (29,8%) болған-тын. ҰБТ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі. «Егемен-ақпарат».  DSC_7053ЕНТ 4