Хоккей • 24 Желтоқсан, 2022

«Барыс» буллиттер сериясында «Автомобилист» командасын жеңді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті матчында екатеринбургтік «Автомобилист» командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» буллиттер сериясында «Автомобилист» командасын жеңді

Астанада өткен әсерлі матчт 4:4 есебімен аяқталды. Бірақ буллиттер бойынша 5:4 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Бірінші кезеңнің үшінші минутында Кирилл Савицкий есепті ашты. Кезеңнің 12-ші минутында қарсылас команданың ойыншысы Анатолий Голышев есепті теңестірді.

Екінші кезеңнің ортасында «Автомобилист» ойыншылары Данил Романцев пен Сергей Широков екі шайба соғып, алға озды. Алайда «Барыс» сапынан шыққан Майкл Шапю мен Никита Михайлис есепті теңестірді.

Үшінші кезеңнің алтыншы минутында алаң иелері алға шықты.

Ойын овертаймға, содан кейін буллиттер сериясына көшті, онда қазақстандықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.

«Автомобилист» қатарынан үш матчта жеңіске жете алмады. «Барыс» 41 ұпай жинап, плей-офф аймағына оралды.