07 Маусым, 2014

Корольдің І дәрежелі орденімен марапатталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанадағы елшілігінде Бақтияр Тасымовтың Эр-Риядта Төтенше және өкілетті елші ретінде атқарған миссиясының аяқталуына байланысты қазақстандық дипломатты Саудияның жоғары орденімен марапаттау құрметіне орай салтанатты қабылдау өтті. Салтанатты қабылдауға ҚР СІМ-інің жауапты хатшысы Асқар Мусинов және Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Сауд Арабиясының Қазақ­стандағы елшісі Әбдел Мажит Ха­ким Бақтияр Тасымовты Әб­дел Әзиз Корольдің I дәрежелі орденімен марапаттау туралы Екі қасиетті орынның сақтаушысы Абдалла корольдің жарлығын оқып, өз елі басшылығының тапсырмасы бойынша жоғары марапатты ұсынды. «Екі қасиетті орынның сақтау­шысы Абдалла король мен Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың арасындағы тұрақты және сенімді байланыстардың ар­қасында екіжақты ынтымақтастық дип­ломатиялық қатынастар орнық­қан кезден бастап сәтті дамып келеді, бұл үдеріс алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз», деген Сауд Арабия­сы­ның Қазақстанмен сауда-эконо­микалық және мәдени-гума­нитарлық салаларда өзара тиім­ді ынтымақтастықты одан әрі терең­детуге дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде, Б.Тасымов сау­диялық тарап өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіре келіп, бұл марапат, ең алдымен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, халықаралық қоғамдастықтың сенімді де абыройлы мүшесіне айналған Қазақстанның дос­тас халқына Саудия халқының көрсет­кен ілтипаты деп білетінін ерекше атап өтті. «Егемен-ақпарат».