«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында да кей уақытта тұман басады.
Шымкентте кей уақытта тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында да тұман.
Өскеменде 26 желтоқсан күні 21:00-ден бастап 27 желтоқсан күнгі сағат 21:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды. Дәл осындай ескерту Семей және Риддер бойынша да жарияланған-ды.
Ал Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 25 м/с-ке жетеді.