07 Маусым, 2014

Бір мектептен... 23 «Алтын белгі» иегері!

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алтын белгіБілікті жетекші-ұстаз, «Құр­мет» орденінің иегері Нәсіп­қали Дәулетов басқаратын Батыс Қазақстан облыстық маман­­дан­дырылған дарынды бала­лар мектебінен биыл 35 оқу­шы ҰБТ-ға қатысып, ең жо­ғары көр­сеткішке қол жеткізді. 35 түлектің 23-і «Алтын бел­гіге», 5 түлек «Ерек­ше аттес­татқа» ие болды.  Қал­ған оқу­шы­лар 120-121 ұпай жи­нап, мек­тептің орташа балы 115-ті көрсетті. Жыл сайын бұл мектептің түлектері 100 пайыз грантпен жоғары оқу орнына қабылданып жүр. Ал биыл бір мектептен 23 тү­лектің «Алтын белгі» иегері атануы бұған дейін республикамызда болмаған ең үздік көрсеткіш екені даусыз. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.