Қоғам • 27 Желтоқсан, 2022

Жеңілдетілген автонесие: Көлік бәріне жетеді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесие: Көлік бәріне жетеді

Министрдің айтуынша, бағдарлама енді ғана іске қосылған кездегідей ауқымды болмайды.

«Көлік барлығына жетеді. Мен ірі көлемді автонесие болмайды дедім, өйткені мемлекет жеткілікті түрде ақшаны құйып қойған. Бірақ қазір бұл ақшаны халыққа айналмалы түрде беру керек. Қазір министрлік банктермен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр», деді Қайырбек Өскенбаев.

Автонесие қазіргідей белгілі бір соманы жинап алғаннан кейін емес, үзіліссіз берілуі керек.

«Биыл біз 110 мың көлік шығардық, келесі жылы 120 мың көлік шығарамыз деп жоспарладық. Бірақ одан да көп болуы мүмкін. Оны 135 мыңға жеткіземіз деп ойлаймын», деп атап өтті министр.

23 желтоқсанда жеңілдетілген автонесие 2023 жылдың қаңтарында іске қосылатыны белгілі болды. Қазір банктер бұрынғы автонесиелерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтап жатыр.