07 Маусым, 2014

«Мұқағали» драмасын тамашалады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық-драма театрында болды. Поэтикалық «Мұқағали» драмасын ықыласпен тамашалаған сенаторлар актерлердің шеберлігі мен режиссердің тапқыр ше­шім­дерін жоғары бағалады. «Сөз өнерін қастерлейтін көп­теген ұрпақтың көкейіндегі ойды жеткізген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары зор ықылас туғызады. «Мұқағали» драмасында біздің көрнекті отан­дасымыздың шығармашылық жо­лындағы барлық бел-белестері түгелдей көрініс тапқан. Қазақ музы­калық драма театрының сах­на шеберлеріне табысқа жете берулеріне тілектестігімді жеткіз­гім келеді», деді Қ.Тоқаев, деп хабар­лады Парламент Сенатының бас­пасөз қызметі.