Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2022

БҚО-да екі браконьерден 58 киік мүйізі тәркіленді

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында екі браконьерлерден киік мүйіздері тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да екі браконьерден 58 киік мүйізі тәркіленді

Орман шаруалығы және жануарлар дүниесі комитеті анықтағандай, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының 1986 жылғы тумасы Саралжын ауылдық округінің қыстауында ұсталды. Полицейлер одан 24 киік мүйізін тауып, тәркіледі.

Сол күні Саралжын ауылдық округіне қарасты «Құрамқұл» қыстауында 47 жастағы ер адам ұсталды. Одан 34 мүйіз тәркіленді.

«Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен екі қылмыстық іс қозғалды», деп қорытындылады ведомство.

Айта кетейік, киік мүйіздерін иелену үшін ең жоғары қылмыстық жауапкершілік мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тең.