Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2022

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 29-31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, бұрқасын болады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында көктайғақ күтіледі», делінген ауа райы болжамында.

Дегенмен ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.