«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті. Оларға қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды. Олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.
Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталады.