Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасының жеңімпаздары анықталды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Оқу ағарту министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткені белгілі. Осыған орай Түркістан облысы Жетісай ауданы №49 «Сырдария» орта мектебінде 7-10 сынып  оқушылары арасында өткен сайыс осы жоба шеңберінде ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

«Оқуға құштар мектеп» жобасының жеңімпаздары анықталды

Сайыстың алғашқы кезеңі пән бағдарламалары, оның ішінде жаратылыстану бағытындағы пән бағдарламалары бойынша өтсе, екіншісі еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың шығармалары, ұлы Абайдың қара сөздері сараланды.

Алғашқы кезеңнен топ жарып, екінші кезеңге жолдама алған оқушылар Абай шығармаларынан, қазақ жазушыларының шығармаларынан үзінді оқыды, көркемдік идеясы бойынша сараптамалық талдау жұмыстарын дайындады.     

Мектеп директоры Гүлжазира Ерімбетова, мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Сапаркүл Ауелбекова, мектеп кітапхана меңгерушісі Күләш Ахановалар сайыстың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысты.

Сайыс қортындысы бойынша 1-ші орын 8-сынып оқушысы Бекайым Әбдіманапқа, 2-ші орын 8-сынып оқушысы Ғалия Ермекбайға, 3-ші орын 8-сынып оқушысы Мерей Серікбайға берілді.