Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2022

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қазақстандық синоптиктер еліміздің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ертең, 29 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын болады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлағандай, Абай облысында Семей және Риддер қалаларында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады деп күтіледі. Петропавл қаласында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан жел 15-20 м/с дейін жетеді.

29 желтоқсанда Ақтау қаласында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с дейін жел соғады.

Ал Шымкентте түнде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында бұрқасын күтіледі.