2013 жылғы 12 қазан Астана қаласы
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы
(Жалғасы. Басы 20, 22, 24, 27, 32, 37, 63, 70, 71, 75, 76, 77, 79,
81, 82, 84, 86, 87, 89, 98, 101, 104, 106, 107-нөмірлерде).
Сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басқармасы
Сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басқармасының бастығы
С-FPО-3 (№14–1)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша болуы тиіс.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде алты жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде екі жыл, не мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде он жыл,оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл.
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы», Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Өз құзыреті шегінде мыналарды:
Басқарма жұмысын ұйымдастыруды;
Басқарма қызметінің перспективалық және ағымдық жоспарлануын, олардың уақтылы және сапалы орындалуын;
Басқарма қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын, Департамент пен Агенттік басшылығының оларға жүктеген тапрсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын;
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын;
Департамент пен Агенттіктің жоспарлық тапсырмаларын, кіріс құжаттарының орындалуын, есеп және шолу материалдарының белгіленген тәртіпте дайындалуын және ұсынылуын, Департамент пен Агенттік қызметінің мәселелері бойынша ішкі және шығыс құжат айналымының орындалуын;
Басқарма қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
СЖЛҚСІЖБ әлеуметтік саладағы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінің бастығы
С-FPО-5 (№14-2)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша болуы тиіс.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде бес жыл, не тең деңгейдегі немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл, не мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі кемінде алты жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде жеті жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл.
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Бөлім жұмысына тікелей басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Өзара алмасуларын есепке ала отырып, бөлім қызметкерлерінің арасында олардың міндеттерін және келіп түскен материалдарды бөледі.
Бөлім қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын; олардың Департамент пен Агенттік басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауын; Агенттіктің Стратегиялық және Операциялық жоспарының орындалуын; бөлімнің және Департаменттің басқа да бөлімшелерінің Агенттіктің алқа, аппарат және жедел мәжілістеріне, сондай-ақ, Департаментте жүргізілетін басқа да іс-шараларға материалдарды дайындауын; Департамент бастығына және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға қызметтік құжаттарды және Департамент бастығының баяндамалары мен сөз сөйлеулерін дайындауды қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады.
СЖЛҚСІЖБ әлеуметтік саладағы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
С-FPО-7 (№14-3, №14-4, №14-5)
Білімі мен мамандығының деңгейіне қойылатын талаптар Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі «Құқық» (заңтану, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша болуы тиіс.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығының тиісті санаты
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде екі жыл, не мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде үш жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Біліміне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР қаржы полициясы органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері Өз құзыреті шегінде Департамент басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындайды.
Қаржы полициясы органдарының тергелуіне жататын қылмыстық істерді тергейді.
Департамент пен Агенттік басшылығының немесе оларды алмастыратын адамдардың тапсырмалары бойынша қылмыстық істерді өз өндірісіне қабылдайды және алдын ала тергеу жүргізеді, сондай-ақ, заңмен белгіленген тәртіпте тергеуге дейінгі тексеріс жүргізеді немесе жедел қызметкерлермен бірлесе отырып, тексерістер жүргізуге қатысады.
Қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасайды, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қабылдайды.
Істің жайын жан-жақты, толық және объективтік зерттеу үшін барлық шараларды қолданады, қылмыс жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған адамды заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Өндірісіндегі қылмыстық істер мен тергеуге дейінгі тексеріс материалдары бойынша тергеу (тексеру) жоспарларын құрастырады, көзделген тергеу-жедел іс-шараларын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді.
Басқарма бастығына және Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарына істердің тергелу барысы және тергеуге дейінгі тексерістер туралы баяндайды.
Қылмыстық істер және тергеуге дейінгі тексеріс материалдары бойынша процессуалдық мерзімдерді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтайды.
Тергеліп жатқан қылмыстық істерге не тергеуге дейінгі тексеріс материалдарына жатқызылатын жедел-іздестіру материалдарымен танысады. Өндірісіндегі қылмыстық істер мен тергеуге дейінгі тексеріс материалдары бойынша жедел сүйемелдеуді жүзеге асыратын жедел жұмыскерлердің қызметін үйлестіреді, қажет болған жағдайда олар бойынша тиісті жазбаша тапсырмалар мен нұсқаулар береді, олардың орындалуын бақылайды.
Департамент пен Агенттік басшылығының, не оларды алмастыратын адамдардың нұсқауларының, прокурорлардың әрекет ету актілерінің, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша соттың қаулылары мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыспен келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ету, заңды тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңмен көзделген шараларды қабылдайды.
Қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайларды және басқа да заң бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ өзге де профилактикалық шаралар қабылдайды.
Қызметтік құпиялардың сақталуы мен іс қағаздарының жүргізілуі, оның ішінде мемлекеттік құпиялармен және қызмет бабында пайдаланылатын құжаттармен байланысты іс қағаздарының жүргізілуі бойынша Агенттіктің актілерімен және заңдармен белгіленген талаптарын сақтайды.
Өндірісіндегі қылмыстық істердің, тергеуге дейінгі тексеріс материалдарының, қылмыстық іс кезіндегі, қаралып жатқан өтініштердегі сақталатын заттай дәлелдемелердің және өзге де қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдауылдаудың белгіленген тәртібін аудауылдың тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге тапсырған сәтінен бастап тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін сақтайды.
Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша (онда негізгі процессуалдық шешімдердің қаулылардың көшірмелері, прокурорлық қадағалау актілерінің көшірмелері, тергеліп жатқан қылмыстық істермен байланысты өтініштердің және оларға берілген жауаптардың көшірмелері, тергеу барысы туралы анықтамалар болуы тиіс) бақылау ісін жүргізеді.
Еңбек, орындаушылық және қызметтік тәртіпті сақтайды.
Заңмен көзделген өзге де талаптарды, сондай-ақ Департамент пен Агенттік басшылығының, не оларды алмастыратын адамдардың тапсырмаларын орындайды.